КЛУБ ЕРЕЖЕЛЕРІ

КЛУБ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Жалпы ережелер
    Фитнес-клубта (ары қарай мәтін бойынша «Клуб») Тапсырыс берушілердің (ары қарай — Клиенттер) барлығына міндетті болатын Ережелер белгіленген.  Клуб ережелерінің мақсаты  – жаттығулар үшін қауіпсіз оңтайлы қолайлы жағдайлар құру Осы ережелер барлық Клиенттер мен  Клуб қонақтарына міндетті. (ары қарай  – Ережелер). Ережелер мәтінінде қолданылатын терминдердің мағынасы Спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерін көрсету туралы шартының (ары қарай  — Шарт) мәтінінде қолданылған терминдердің мағынасымен бірдей. Клиент Клубқа келген кезде осы Ережелерді және  Клуб қызметкерлерінің нұсқауын сақтауға міндетті.
    Осы Ережелер Клубта  қолданылады және Тапсырыс беруші (Клиент) мен Орындаушының (ары қарай — Компания) арасында жасалған Шарттың  қосымшасы болып табылады.
  2. Клубқа кіруге рұқсат
    Клиент Клубқа кіру және шығу үшін Клубқа кіретін жерде орнатылған турникеттерден өтіп, QR кодты ұсыну арқылы өзін сәйкестендіруі немесе Клуб әкімшісімен жеке мәліметтерін тексеруі қажет. Турникеттен өткен кезде 2 (екі) немесе одан да көп адамдардың бірге және біруақытта өтуіне болмайды. QR кодты ұсыну арқылы өзін сәйкестендірмей немесе Клуб әкімшісімен жеке мәліметтерін тексермей  Клубқа кіру немесе Клубтан шығудың кез келген әрекеті үшін  Компания Клиенттен дереу Клубтан шығуын талап етуге және Клиентті кіру рұқсатынан айыруға құқылы. Турникетте орнатылған қондырғы істемей қалған жағдайда және Клиентті QR код арқылы сәйкестендіруге байланысты кез-келген мәселелер мен сұрақтар туындаған  жағдайда Клиент Клуб әкімшілігінен көмек сұрауға міндетті.

3.Сіздің Клубта болуыңыз

  • Сіздің денсаулығыңы:
    Сізге денсаулығыңыздың жағдайына мұқият болуды және Клубта болған кездегі кез-келген әл-ауқаттың нашарлауы, сондай-ақ дене шынықтыру және  спортпен айналысуға қойылған  әрбір шектеулер туралы дереу Клуб қызметкерлеріне хабарлауды ұсынамыз. Компания жаттығуларға барар алдында медициналық мекемеден қаралуды  қатаң түрде ұсынады, өйткені Клиент өзінің денсаулығы үшін жеке өзі жауапты.  Клуб аймағында туындаған оқыс оқиғалар немесе Клиентте осы Ережелерді, қауіпсіздік техникасының ережелерін, спорттық құрал-саймандарды пайдалану ережелері мен нұсқаулықтарын  немесе Клуб қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтамауының  салдарынан пайда болған жарақаттар және үшінші адамдардың әрекетінен Клиенттің денсаулығына келтірген зақым үшін Компания мен Клуб қызметкерлері жауапкершілікті алмайды.
    Компания Клиенттің денсаулығы үшін жауапкершілікті алмайды. Клиент өзінің денсаулық жағдайын  өзі үнемі  қадағалауға және Клубқа келер алдында дәрігерден  кеңес алуға  міндетті.  Клубқа келу фактісі Клиенттің Клубқа келуге және Клубта көрсетілетін қызметтерді пайдалануға тыйым салатын медициналық проблемаларының жоқтығын растауы болып есептеледі. Клиент өзін нашар сезінген жағдайда жаттығу залындағы жаттығуды немесе Топтық жаттығуларды, басқа дәрістерді дереу тоқтатуға және Клуб қызметкеріне бұл туралы хабарлап, жедел жәрдемді шақыру қажеттілігі туралы айтуға міндетті. Компанияның жазбаша келісімі болмаса Клубтың басқа келушілеріне спорттық жүктеме, жаттығулар мен  басқа көрсетілетін қызметтер туралы кеңес беруге тыйым салынады.
  • Сіздің алғашқы рет қатысуыңыз (егер жарайтын болса):
    Көрсетілетін Қызметтер туралы толық ақпаратты алу үшін Клуб Клубқа сынама қатысуды ұсынады:
    — Жаттығу залында жабықтармен, тренажерларды пайдаланудың негізгі ережелерімен танысуға, жатығуларға қатысты ұсыныстар алуға болады;
    — Топтық бағдарламалар залында, скаладром зонасында (Клубта бар болған жағдайда) ;
    — хауыз зонасында (Клубта бар болған жағдайда).

3.3. Топтық жаттығулар/Секциялар:
Секцияларды жаттығулар/топтық жаттығулар Сайтта немесе Клуб аймағының жалпыға қолжетімді орынында (рецепция) ақпаратты орналастыру арқылы жарияланатын кестеге сәйкес өткізіледі. Осылай жариялау Тапсырыс берушіні келісілген тәртіппен  Клуб Ережелеріндегі әрбір өзгерістер туралы хабардар етілгенін мақұлдауға жеткілікті негіз болып табылады.

Клуб әкімшілігі Топтық жаттығулар /Секциялардағы дәрістердің кестесіне өзгерістерді енгізу және белгіленген кестедегі нұсқаушыны (жаттықтырушыны) ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Жарақат алу қаупінің орын алуын болдырмау үшін Топтық жаттығуларға / Секциядағы дәрістерге кешікпей келу қажет. Дәріс басталған уақыттан   5 минут өткеннен кейін Жаттығуға келу ұсынылмайды,өйткені бұл Клиенттің денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Нұсқаушы Клиентті дәріске қатыстырмауға құқылы.
Жаттығулар (дәрістер) аяқталғаннан кейін спорттық құралдарды арнайы белгіленген орнына қайтару қажет. қосымша қызметтерді сатып алғанда ғана Клиенттің  Клубтағы Топтық жаттығуларға/Секциядағы дәрістерге қатысу құқығы бар: Топтық жаттығулар/Секциядағы дәрістер Клиент пен Компания арасындағы Клиенттік шарт жағдайларына сәйкес. Әр топтық жаттығуға Компания белгілеген шектеулі қатысушылар санының есебімен тиісті  Топтық жаттығуға алдын ала жазылған жағдайда ғана Топтық дәріске қатысуға болады. Клиент қолданыстағы Шартпен Секциядағы дәрістерге  қатысуға құқылы. Секцияның қолданыс  мерзімі – белсенді болған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн. Жіберіп алған дәрістер қалпына келуге және/немесе жинақтауға жатпайды, жіберілген дәрістер үшін қаражат қайтарылмайды. Залдарда өз бетімен  төлемсіз және уақытты алдын-ала уақытты белгілеп қоймай жаттығуға тыйым салынады.  Кез-келген топтық бағдарламалар залында орын алып қоюға және өз бетімен Клубтың құралдары мен басқа мүлкін сәйкес залдан тысқары ауыстыруға және/немесе шығаруға тыйым салынады.

3.4.Судағы жаттығулар  (хауыз) (Клубта бар болған жағдайда):
Хауыз аумағында болған кезде бүйірден суға секіруге және алдын-ала душ бөлмесіне кірмей, сауна немесе хамамнан шыққан кейін хауызға түсуге жол берілмейді. Хауыз аймағына табаны тайғақ болмайтын арнайы аяқ киіммен келу қажет. Хауызда жүзу кезінде арнайы бас киім қолдану қажет. Клуб хауызындағы судың температурасы, хлордың мөлшері, РН деңгейі санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен белгіленген шегінде болады және Клиенттің талабы бойынша өзгеруі мүмкін емес.
Хауызда топтық жаттығулар өткен кезде Клуб жүзуге арналған аймақты шектеуге құқылы. Алдын-алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты хауыздағы жаттығулар шектелуі мүмкін.
Балалар хауызы (Клубта бар болған жағдайда) 6жасқа дейінгі балалардың қатысуына арналған.
Балалар хауызына ересек адамдарға кіруге болмайды, тек «Сәбилік жүзу» секциясын өткізу кезінде медициналық мекемеден тиісті анықтамасы бар, 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына ғана рұқсат етіледі.
Хауыз аймағында тек ауыстыратын киімдегі (арнайы бас киіммен қоса) және ауыстыратын  аяқ киімі бар Клиенттерге рұқсат етілген. Алып жүретін нұсқаушы болғанда ғана балалардың хауызға қатысуына рұқсат беріледі.

3.5. Жаттығу залы :
Тренажерлардағы жаттығулар басталар алдында тренажерларды пайдалану нұсқаулығымен танысып,оны ұстану қажет.
Егер Сізде белгілі бір тренажерларды пайдалану ережелеріне қатысты сұрақтар пайда болса, Клуб Әкімшілігіне жүгіне аласыз. Жаттығу  залында және Топтық дәрістер кезінде жалаңаш денемен жаттығулар жасауға тыйым салынады. Балаларға жаттығу залдарына және Топтық бағдарламалар залдарына кіруге тыйым салынады. Спорттық жабдықтарды биіктен еденге лақтыруға тиым салынады.
Жаттығу залында үзілді-кесілді тыйым салынады:
— шәркей және ашық аяқ киім киюге;
—штанганың мойны, тренажерлардың тұтқалары т.б. мен қолдың жақсы ілінуі үшін магнезия және басқа ұнтақ қоспаларды қолдануға;
— «тренажерды брондау» мақсатымен тренажерлардың үстінде  бет орамалды қалдыруға;
— Тренажерларда жаттығуларды жасау кезінде жинақтаушы бұйымдардың, стектердің, жүк блоктарының соғылуына жол бермеу;
— жаттығу аяқталғаннан кейін  штангалар мен тренажерлардан дискілерді  бөлшектемей қалдыруға.

3.5.1. Клубтағы жаттығулар
Сайтта немесе Клуб аумағының жалпыға қолжетімді орындарда (рецепция) көрсетілген  Клубтың  жұмыс уақыты бойынша  Клиенттерге Клубқа кіруге болады, бірақ, Клубтың жабылуына 1 (бір) сағат қалған уақытқа дейін ғана (егер Клуб шектеулі уақытқа дейін жұмыс істесе) кіруге рұқсат етіледі.

Клубқа келген кезде,әсіресе, Топтық жаттығуларға қатысқан кезде Клиент Клуб қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауға міндетті.
Клубқа, жаттығу залындағы жаттығуларға және Клубтағы Топтық жаттығуларға  келер алдында, жаттығу немесе дәрістер кезінде кедергі келтіруі ықтимал барлық әшекей бұйымдарды шешкен абзал. Жаттығу залын және топтық дәрістерге қатысқан кезде Клиент өзінің жеке заттарын Клубтың киім шешетін бөлмесіндегі шағын шкафқа қалдырып кетуі тиіс. Шкаф Клиенттің  өзі сатып алатын және Клубқа келген сайын өзімен бірге әкелетін  жеке құлпына жабылады. Клиенттің өз құлып кілтін /паролін  басқа адамдарға беру құқығы жоқ, сондай-ақ Клубта болатын барлық уақыт бойы құлып кілтінің өзімен бірге болатынын қадағалауға міндетті. Киім шешетін бөлмелердегі шкафтар дәріс өткізіліп жатқанда Клиенттің киімдерін уақытша салуға арналған. Олар клиенттің «жеке шкафы» болып табылмайды және Клиент жоқ кезде киімдерді сақтау үшін қолданылмайды. Клиент Клубта болмаған  кезде заттарын және киімдерін шкафтарда сақтауға рұқсат берілмейді және бұл Ережерлерді айтарлықтай  бұзу болып саналады,сондай-ақ Компания тарапынан Шартты біртарапты бұзуына әкелуі мүмкін. Клубтағы жаттығу немесе дәрістерден кейін, Клубтан шығып бара жатқан кезде Клиент шкафты ішіндегі барлық заттардан босатып, өзінің құлпын шешіп, алып тастауға және шкафты ашық қалдыруға міндетті. Клуб жабылғаннан кейін киім шешетін бөлмеде табылған шкафтың  құлыбы кесіледі және Клиентке қайтарылмайды, мұндай жағдайда шкафтағы Клиенттің заттары Клубта табылған заттар сияқты сақтауға қойылады. Компанияның Клиент физикалық тұрғыдан Клубта болмағанда оның шкафын ашу және Клиентке ешқандай шығындарды өтемей, Клиенттің заттарына /мүлкіне өз қалауы бойынша иелік ету құқығы бар екені туралы Клиенттің хабары бар.  Клуб аумағында өзге біреудің мүлкін тауып алған жағдайда оны Клубтың қызметкеріне апарып беру қажет. Тауып алған заттар Клубта 14 (он төрт) тәулік бойы, ал тез бұзылатын заттар 24 (жиырма төрт) сағат сақталады, одан кейін иесі жоқ мүлік ретінде белгіленіп, Клубтың билігіне өтеді, егер Шарттың талабында басқаша  қарастырылмаған болса. Клиентке табылған заттар жеке куәлігін ұсынған жағдайда беріледі. Клуб Клиенттің шкафында, киім шешетін бөлмеде, жуынатын бөлмеде және Клубтың басқа  ғимараттарында қалдырып кеткен заттары мен әртүрлі  материалдық құндылықтары үшін  жауап бермейді.

3.5.2. Спортық құралдарды және жабдықтарды пайдалану
Клубтағы  спорттық құралдарды немесе жабдықты пайдалану ережелерімен және нұсқалықтарымен  тиісті спорттық құралдың  немесе жабдықтың, тікелей спорттық құралда немесе жабдығында немесе Клуб қызметкерінің  жанында танысуға болады.

Жаттығу залында немесе топтық дәрісте жаттығуды бастамас бұрын Клиент клубтың спорттық құралдарын немесе жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік техникасының мәселелері бойынша кез келген мәселелер жөнінде Клубтың қызметкеріне жүгінуге міндетті.

Клубтың спорттық құралдарын немесе жабдықтарын пайдалану ережелері мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ Клуб қызметкерлері мен өзінің дәрігер берген нұсқауларын ескермей, пайдаланған жағдайда,

Клиент ережелерді, нұсқауларды және ұсыныстарды  бұзғаны үшін (оның ішінде рұқсат етілген жүктемеден асып кеткені үшін), сондай-ақ Клиенттің денсаулығына келуі мүмкін болатын зақым үшін толық жауапкершілікті алады. Қолданғаннан кейін Клубтың спорттық құралдарын немесе жабдықтарын бастапқы күйде қалдырып кету қажет (соның ішінде штангадан салмақты алып тастау керек). Клиентке спорттық құралды немесе жабдықты ұзақ уақыт пайдалануға болмайды. Клубтың басқа клиенттері де осы спорттық құралды немесе жабдықты пайдалануға құқығы бар екенін Клиент есте ұстауы қажет.

Клиент Клубқа тиесілі немесе Клуб аумағында орналасқан үй-жайларды, спорттық құралдар мен жабдықтарды олардың мақсатына сәйкес,  ережелер мен нұсқаулықтарға, сондай-ақ клуб қызметкерлерінен алынған нұсқауларға сәйкес пайдалануға міндетті.

Клубтың жабдықтары мен құралдарын  пайдалану ережелерінде, нұсқаулықтарында немесе  нұсқауларында  көрсетілген тәсілдерден басқа тәсілмен пайдалануға тыйым салынады.

Клиент Клубтың спорттық құралдары мен жабдықтарын ұқыпты және мұқият пайдалануға, сондай-ақ клубтың кез келген басқа мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті.
Спорттық құралдардың немесе жабдықтардың кез келген ақаулары анықталған жағдайда Клиент дереу Клуб қызметкерлеріне жүгінуге міндетті.

Клиент Компанияға тиесілі немесе Клуб аумағында орналасқан әрбір спорттық құрал немесе жабдықтың бүлінуі немесе жойылуы үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.

3.6. Сауна, хаммам,киім шешетін бөлмелер:
Саунаға немесе хаммамға барған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Жеке пайдалануға арналған хош иісті майларды, кремдерді, балды және басқа да косметикалық өнімдерді (соның ішінде шашты бояуға арналған құралдарды) сауналарда, бу моншаларында, хаммамда қолдануға жол берілмейді.

Клуб аумағында шашты бояуға, кесуге, сондай-ақ ұстара заттарын  қолдануға тыйым салынады.

Клиенттердің  денсаулық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында саунада, хаммамда белгіленген температураны, соның ішінде, тастарға су мен хош иісті заттарды құю арқылы өз бетінше өзгертуге рұқсат етілмейді.
Егер қолдануға болса: әйел клиенттерге 4 жасқа дейінгі ер балаларды әйелдер киім ауыстыратын бөлмедегі арнайы аймақта киімдерін ауыстыруға рұқсат етіледі,.
Егер баланың жасы 4 жастан асқан болса және ол өз киімін өзі ауыстыра алатын болса, онда еріп жүруші баланың киім ауыстыратын бөлмесін пайдалануы керек (егер ондай Клубта болса).

3.7. Клуб әдебі:
Клуб үй-жайларының аумағына ауыстырып киетін аяқ киімсіз кіретін жағдайда бахила кию керек. Клубтың барлық үй-жайлары темекі шегуге болмайтын аймақтар болып табылады.

Клубта мас күйінде болуға, спирттік ішімдіктерді, есірткі және/немесе психотроптық заттарды тұтынуға, темекіні, электрондық темекіні (ЭС, вейп, e-темекі) пайдалануға, сондай-ақ жаттығуға арналған орындарда, демалыс аймақтарында және киім ауыстыратын бөлмелерде тамақ ішуге тыйым салынады.

Темекі шегу Клиент тарапынан ережелерді елеулі бұзу болып табылады, осыған байланысты Клуб клиенттен Клубтан дереу кетуді талап етуге және Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

Клубта бейне және суретке түсіруге тек Клуб Әкімшілігімен арнайы алдын-ала келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Клуб аумағында Клубтың жазбаша келісімінсіз парақшалар мен жарнамаларды таратуға (оның ішінде клуб аумағында қалдыруға), клиенттерді тартуға тыйым салынады.

Клуб аумағында сауалнамалар мен үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады (оның ішінде саяси).

Клубтың/Компанияның жазбаша келісімінсіз Клуб аумағында тауарлар мен қызметтерді сатуға тыйым салынады.

Клуб Клиенттерінің қызметтік пайдалануға арналған аумаққа кіруіне арнайы шақыру болған жағдайларда ғана жол беріледі.

Клуб аумағында мінез-құлық ережелерін сақтау керек. Қатты немесе агрессивті сөйлесуге, балағат сөздерді қолдануға немесе айналаңыздағы адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін болатын басқа әрекеттерді жасауға жол берілмейді.

Өзара сыйластық-клубтың әрбір клиенті үшін жайлылықтың кепілі.

Клуб аумағына алкогольді, есірткі заттарын, Клубтың басқа клиенттерін немесе қызметкерлерін жарақаттауы мүмкін болатын қаруды, басқа да тесуші және кесуші заттарды алып кіруге  тыйым салынады. Клуб аумағында жануарлардың болуына тыйым салынады.

Клиентке Компанияға тиесілі немесе Клуб аумағында орналасқан техникалық жабдықты, оның ішінде: аудио мен бейне техниканы, ауа баптағыштарды және басқа техникалық жабдықтарды қосуға, өшіруге және басқа әдістермен реттеуге өз бетінше барлық тәсілдермен  пайдалануға тыйым салынады

Техникалық жабдықтың жұмысында кез келген ақаулар немесе кедергілер анықталған жағдайда Клиент Клуб қызметкерлеріне айтуға міндетті. Клуб аумағында қылмыстық әрекеттердіи алдын алу және ашу, сондай-ақ Клуб Клиенттері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін бейнетүсірілім жүргізіледі. Клиентке бейнебақылау камераларына қол тигізуге немесе олардың жұмысына басқа жолмен араласуға тыйым салынады. Басқа клиенттер осы ережелерді сақтамағанын байқаған жағдайда, оның ішінде мінез-құлық немесе гигиена ережелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Клубтың басқа келушілерімен қақтығыстар туындаған жағдайда Клиент клуб қызметкерлеріне айтуға міндетті. Клиент Компанияға тиесілі немесе Клуб аумағында орналасқан техникалық жабдықтың кез келген бүлінуі немесе жойылуы үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.

Киім үлгісі:

Фитнес аймақтарында жаттығу (дәрістер) үшін арнайы ауыстырып киетін  спорттық аяқ киім (кроссовкалар) мен  киім болуы керек (бірақ, дененің жоғарғы бөлігі міндетті түрде жабық болуы керек). Киімдер Клубтың киім шешетін бөлмелерінде ауыстыралады.

Хауызда жаттығу үшін арнайы киімді пайдалану керек: жүзу костюмі, хауызға арналған арнайы аяқ киім – шәркей  және хауызға арналған бас киім. Хауызды арнайы киімсіз пайдалануға рұқсат етілмейді.

Жалпы гигиена нормаларын сақтау қаже. Хауызға барар алдында душ қабылдау керек. Біз клиенттерден жаттығуларға (дәрістерге) барған кезде өткір парфюмерлік иістерді қолданбауды өтініп сұраймыз.

3.8. Басқа ережелер
Сіздің заттарыңыз/мүлкіңіз:
Клубтың киім шешетін  бөлмелерінде орналасқан шкафтар құнды заттарды сақтауға арналмаған. Клуб Клиенттің кез-келген заттарын/мүлкін жоғалтқаны үшін жауап бермейді. шкафтарда, киім шешетін бөлмелерде немесе клуб аумағында Клиенттер  қалдырған (ұмытып кеткен) заттар әкімшілікке беріледі, олар табылған сәттен бастап 14 (он төрт) тәулік ішінде (тез бұзылатын өнімдерді қоспағанда, олар 24 сағат ішінде жойылады) арнайы бөлінген орында тіркеледі және сақталады.

Көрсетілген мерзім ішінде талап керек емес заттар Клиентке ешқандай  өтемақысыз жойылуға жатады.

Клубтағы музыкалық сүйемелдеу:

Клуб  жаттығу алаңдарындағы музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заманауи музыкалық жабдықтың болуын қарастырған.

Музыкалық сүйемелдеуді Клуб таңдайды және Клиенттің талабы бойынша оны өзгерту мүмкін емес.

Клубтың жұмыс режимі:

Клубтың жұмыс режимі Сайтта көрсетілген немесе Клуб аумағында жалпыға қол жетімді жерде (рецепцияда)  орналастырылған.

Суық немесе ыстық су апатты жағдайда сөндірілетін болса,  Клуб душ бөлмелеріне, дәретхана бөлмелеріне, хауыз аймағына кіруді  шектеуге және/немесе апатттық жағдайда электр қуаты өшкен сәттерде ешбір өтемақысыз көрсетілетін қызметтер көлемін шектеуге құқылы.

Клуб жөндеу, қалпына келтіру және басқа да жұмыс түрлерін жүргізу үшін Клубты және/немесе оның жекелеген үй-жайларын жабу құқығын өзіне қалдырады.
Клубтың жаттығу аймақтарындағы дәрістер Клуб жабылатын уақытқа дейінгі 30 (отыз) минут бұрын аяқталып, Клуб жұмысының аяқталуы белгіленген  уақыттан кешіктпей Клубтың үй-жайларынан шығып кетуі қажет.

Клубтық іс-шараларды өткізу кезінде Клуб жаттығуға арналған аймаққа келуді шектеуге құқылы.
Клуб қонақтары:
Осы Ережелер  Қонақтарға да қолданылады. 4. Ересектерге арналған клубішілік іс-шараларға қатысу ережелері

Іс-шараға қатысу үшін  Клуб клиенттері жіберіледі. Қатысушалыр жасы: 18+

Қатысушылар санаты: ерлер мен әйелдер

Іс-шараға қатысу үшін жіберілмейді:
— 18 жасқа толмаған адамдар
— Алкагольдік/есірткілік мас күйіндегі адамдар
Іс-шара қатысушыларының киім үлгісі:
— Спорттық және ыңғайлы киім
— Іс-шарада еріп жүретін адамдар  аяқ киімді ауыстыруы немесе бахила киюі,сыртқы киімсіз болуы шарт.

Регламент: іс-шара қатысушылары  іс-шараны өткізудің белгіленген бағдарламасын ұстануы тиіс.

5.Ересектерге арналған клубішілік жүзу жарыстарына қатысу ережелері

Іс-шараға қатысу үшін  Клуб клиенттері жіберіледі.

Қатысушалыр жасы: 18+

Қатысушылар санаты: ерлер мен әйелдер

Іс-шараға қатысу үшін жіберілмейді:
— 18 жасқа толмаған адамдар
— Алкагольдік/есірткілік мас күйіндегі адамдар
Іс-шара қатысушыларының киім үлгісі:
— Жүзу бас киімі, көзілдірік, шәркей

— Іс-шарада еріп жүретін адамдар хауыз аймағында  болған кезде өзімен бірге ауыстыратын аяқ киімі немесе бахила киюі,сыртқы киімсіз болуы шарт.

Регламент: іс-шара қатысушылары  іс-шараны өткізудің белгіленген бағдарламасын ұстануы тиіс.

  1. Қосымша қызметтер
    Жалпы ережелер:
    Клуб ұсынатын және негізгі қызметтердің құнына кірмейтін қызметтер Қосымша қызметтер болып табылады .

Клуб ұсынатын осындай қосымша қызметтердің бағалар прейскуранты мен тізімі Сайтта немесе Клуб аумағындағы жалпыға қолжетімді жерде (рецепция) орналастырылған.

6.1. Уқалау қызметтері (бар болса):
Уқалау қызметтері осындай қызметтердің құны толық төлегеннен кейін, алдын ала жазылу бойынша көрсетіледі. Уқалау қызметтерінен бас тартуға (ауыстыруға) уқалаушы адамның келісімі бойынша рұқсат етіледі.

6.2. Сулулық салон қызметтері (бар болса):
Косметологтың, педикюр (маникюр) кабинетінің қызметтері осы Ережеде уқалау қызметтері жөнінде жазылған  тәртіп бойынша  немесе шебердің келісімі бойынша көрсетіледі.

Клуб үй-жайларының аумағында маникюр/педикюр/эпиляция/депиляция, косметология және басқа да рәсімдерді өз бетінше жүргізуге болмайды.

  1. Қорытынды ережелер.Инъекциялық
    7.1. Клиенттің Клуб аумағында үшінші адамдарға жеке және басқа тренингті  өткізуіне болмайды, ережелерді елеулі бұзған деп саналады және Компания тарапынан Шартты біржақты тәртіппен бұзу мүмкіндігін туғызады.

 7.2.  Осы Ережелер клиенттік Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Қажет болған жағдайда Клуб әкімшілігі Ережелерді қайта қарауы (өзгертуі) немесе толықтыруы мүмкін. Әрбір жаңа Ережелер алдыңғы ережелерді ауыстырады. Қолданыстағы Ережелерді Сіз әрқашан сайттан оқып, таныса аласыз немесе Клуб аумағындағы жалпыға қол жетімді жерде (рецепция) орналастырған  мәлімет арқылы Тапсырыс берушіге  жеткізіледі.  

Мұндай орналастыру Клуб ережелеріндегі кез келген өзгерістер немесе толықтырулардың  Тапсырыс берушіге  келісілген тәртіппен жеткізілгенін растауға жеткілікті негіз болып табылады.

7.3. Барлық сұрақтар бойынша Клиент Клуб әкімшілігіне жүгіне алады.
7.4. Клиент осы Ережелерді бұзған жағдайда,  Компания Шартпен  қарастырылған талаптарды қолдану құқығын өзіне қалдырады.

(Қолы, ТАӘ. Клиенттің Клуб ережелерімен танысуы және келісуі туралы)

X